3 желтоқсанда «Қазақстан-Иран-Түркіменстан» темір жолы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының теміржол компаниясындағы директорлар кеңесінің мүшесі 2014 жылдың 3 желтоқсанында «Қазақстан-Иран-Түркіменстан» теміржолы пайдалануға берілетіні туралы айтты, деп хабарлады ирандық баспасөз қызметінен.

ИИР теміржол компаниясының директорлары кеңесінің мүшесі Мухаммад Кусе Газави бұл теміржолдың ашылуына дейін кейбір кемшіліктердің жойылатыны туралы мәлімдеді. Жаңа темір жолдың ұзындығы 900 шақырымнан асатынын айтты. Халықаралық тасымалдаулар саласындағы мамандар бұл жолдың пайдалануға берілуі Парсы шығанағы аймағы мен Еуропа арасындағы халықаралық жол 600 шақырымға қысқарады деп есептейді.

Бұл жолдың 82 шақырымы Иран аумағында, 700 шақырым - Түркіменстан аумағы арқылы және 120 шақырымы Қазақстан бойынша өтеді. «Солтүстік-Оңтүстік» теміржол қатынасы деп аталып кеткен «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржолының ашылуымен тауарларды тасымалдау және транзиттеу уақыты екі тәулікке қысқарып, тасымалдау бағасы азаятын болады.

Соңғы жаңалықтар