3 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Ы. Алтынсарин атындағы Binom мектебінде «EL UMITI CUP» пікірталас бойынша гранд-турнир өтеді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 56 фракция қатысады.

11.00-де қалалық Достық үйінің көрме залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Текемет киіз басу» шеберлік сағаты өтеді.

11.00-де Назарбаев Университетінде баспасөз мәслихаты өтеді. Кездесу барысында Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова, президенттің кеңесшісі Ерден Құсайын Назарбаев Университетінің қызметі, ағымдағы жобалары мен жоспарлары туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап береді.

14.00-де «Назарбаев орталығының концерттік залында» қазақ тіліндегі ІТ-контентті дамытуға бағытталған STARTUPHANA жастар Digital Fest-і өтеді.

15.45-те «Астана Балет» театрында хореограф Джордж Ковтунның «Қар ханшайымы» балетінің премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де «Астаналық циркте» «Der Elefant» үлкен неміс циркі өнер көрсетеді.

18.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Отелло» трагедиясы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар