3 жастағы Нұрдәулетке шұғыл түрде көмек қажет

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 3 жастағы Нұрдәулетке шұғыл түрде көмек қажет. Сал ауруына шалдыққан сәбиге 21 қараша күні Ыстанбұлда ота жасалуы тиіс.

null
Алайда, анасы Нұргүл жолға қаражат таппай қиналуда. Операция құны - 20 мың АҚШ доллар. «Милосердие» қайырымдылық қоры Нұрдәулеттің отасына қажет ақшаны толықтай аударған. Енді жол-пұл  мәселесі шешілмей жатыр»,- дейді Нұргүл Сайленова. Қолы қысқа отбасына кемінде 350 мың теңге көлемінде қаражат қажет.

«Баламның бел омыртқасына ота жасайды. Түсінгенім, түтікше сынды зат қояды, сол арқылы Нұрдәулеттің миына сұйықтық жіберіледі. Және ол операцияны жасатқаннан кейін 3 ай сайын біз Ыстанбұлға барып тұруымыз керек. Ұлымның  жағдайы жақсарғанша бақылауда болады. Қазір жолымыздың өзіне ақша таба алмай қиналып жатырмыз», - деген Нұргүл жомарт жандардан  көмек сұрайды.

Бес баланың анасы кенжесі Нұрдәулеттің сауығып кететініне сенімді. Себебі, тұқымымызда сал дертіне шалдыққан жан жоқ дейді. Нұрдәулеттің дертімен арпалысқан ана қазір Үштөбеден Талдықорғанға көшіп келген. Баласының денсаулығын жақсарту үшін түрлі емдік шара қабылдауда. Алайда, қалада  пәтер жалдап тұрып жатқан олар тығырыққа тірелгендерін айтады.    
Нұрдәулеттің анасы Нұргүл Сайленованың телефон нөмірі - 8 701 328 11 06.  

nullnull null null 

Соңғы жаңалықтар