3 жасар қызын сабап өлтірген астаналық әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өзінің 3 жасар қызын ұрып-соғып, арты өлімге әкелген күдікті әйелге қатысты соталды тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында түрлі деңгейде ауыр жарақат алған 3 жасар қыз ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан көз жұмды. Кейін анықталғандай, кішкентай қыз жайсыз отбасында дүниеге келген. Яғни, анасының полиция департаментінде есепте тұрғаны, ал өгей әкесінің бұрын сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті әйелге қатысты баланы ұрып-соғып, өлімге әкелді деген айыппен соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін вице-министр елімізде балалардың көбінесе кімдердің тарапынан зорлық-зомбылық көретінін айтып берген болатын.


Соңғы жаңалықтар