3 жасар қызды зорлаған педофил өлім жазасына кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Огайо штатында 3 жасар қызды зорлап өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Лайф.

43 жастағы Филлипс өзінің жақын құрбысының 3 жастағы қызын зорлап өлтіргені үшін 1993 жылы сотталған болатын. Содан бері ол өзіне шығарылған үкімнің соңғы сәтін күтіп жатты.

Филлипс өлім алдындағы соңғы сөзінде құрбан болған сәбидің жақындарынан жылап тұрып кешірім сұрады. Істеген арсыз әрекеті үшін өкінетіндігін жеткізді.

Басылымның жазуына қарағанда, осы педофилді жазалау ісі сотталғандарды қинап өлтіру туралы Огайода шыққан даудан кейінгі іске асырылған алғашқы үкім.

Соңғы жаңалықтар