3 түркістандық әлеуметтік желіде экстремистік аудиожазбалар таратқан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық үш тұрғын «В Контакте» әлеуметтік желісінде экстремистік аудиожазбаларды таратқан. Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандары тұрғындарының заңсыз әрекеті прокурорлық тексеру кезінде әшкере болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның талап-арызы бойынша сотта  аталған аудиофайлдар діни араздық пен алауыздықты қоздыратын жазбалар ретінде танылған. Онда рулық, діни араздықты қоздыратын белгілері болғаны анықталды. Мұндай қорытындыны сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптама да растаған.

Айта кетейік, үш  тұрғын бұған дейін де осындай әрекеттері үшін 2 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар