+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

3 тамыз. Туған күн иелері

2021 жылғы 3 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
3 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 3 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

49 жыл бұрын (1972) жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Азамат Рахатұлы ӘБІЛДАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:1999-2004 жылдары – «Алмаз» шаруа қожалығының басқарушы директоры.2004-2007 жылдары – «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры. 2007-2009 жылдары – «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС президенті. 2009-2010 жылдары – «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС консультанты, бақылаушылар Кеңесінің төрағасы. 2010-2011 жылдары – «Қазақстан тас өнімдері» ЖШС президенті. 2011-2012 жылдары – «Қазгранит» корпорациясы» ЖШС президенті. 2012 -2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2017-2020 жылдары – «Агрофирма Түрікпен» ЖШС консультанты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бері.

47 жыл бұрын (1974) саяси және қоғам қайраткері, саясаттанушы, публицист, баспагер Досым Асылбекұлы СӘТПАЕВ дүниеге келді.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін саясаттанушы, саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Саясаттану зерттеулерінің орталығы» үкіметтік емес студенттер ұйымының вице-президенті (1993-1996); «Деловая неделя» газетінде саяси шолушы (1995-1997); Қазақстан даму институты саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, «Саясат» ғылыми-сараптамалық журналының жауапты редакторы (1997-2000); «Новое поколение» газетінде саяси шолушы (1998-2005); Британ институтының Қазақстандағы өкілдігінің директоры (2000-2003); Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігі директорының орынбасары (2000-2002); Қоғамдық мәселелерді талдау орталығының жалпы мәселелер жөніндегі директоры (2001-2002); «Сорос-Қазақстан» қоры басқарма мүшесі (2005-2010). «Тәуекелдерді бағалау тобы» сараптамалық, консалтингтік ұйымының (KRAG) құрылтайшысы және директоры (2002 жылдан бастап).

46 жыл бұрын (1975) Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Алмат Мұратұлы БАЙШОЛАҚОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары – Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі. 1999-2002 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, бөлімнің аға прокуроры. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі. 2003-2005 жылдары – ҚР ӘМ заңнама, заңға тәуелді актілер департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің қаржы-несие саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің басшысы. 2006-2007 жылдары– Алматы облысы Іле ауданының прокуроры. 2007-2008 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры. 2008 жылы Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы болды. 2008-2009 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы. 2009-2011 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. 2011-2018 жылдары – Астана қаласы прокурорының орынбасары. 2018-2019 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, департамент директоры. 2019 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сатып алуларды бақылау және мониторингілеу департаментінің Бақылау қызметінің басшысы болды. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың шілде айынан бастап.

41 жыл бұрын (1980) Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы ҚАДЫРБЕК дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша,ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002-2004 жылдары – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры. 2004-2008 жылдары – Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс-Қазақстан облысы №2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы. 2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаменттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары. 2011-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік-Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттерінің басшысы - тәртіптік кеңес төрағасы. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымын атқарған. 2016-2021 жылдары – Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуір айынан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT