3 шақалақ ауруханаға тікұшақпен жеткізілді - ШҚО
2021 жылғы 12 қаңтар 15:21

3 шақалақ ауруханаға тікұшақпен жеткізілді - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары 3 шақалақ пен 2 ересек адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ақжар мен Ақсуат ауылдарынан жаңа туған 3 шақалақ, Катонқарағай ауданынан әйел және Алтай қаласынан ер адам тікұшақпен Өскемен қаласына жеткізілді. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуі тиіс болған.

«Жедел әрекет ету үшін «Eurоcopter-145» тікұшағының ұшқыштары күн жарық кезде пациенттерді алып Өскеменге жетуі керек еді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, соңғы күндері өңірде қолайсыз метеожағдай қалыптасқан. Бірақ соған қарамастан ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Игорь Мухин мен Илья Точай азаматтарды жедел жеткізіп тастады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT