3 сәуір күнгі брифингтер аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 сәуірге арналған брифингтер аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Телеграм каналына сілтемемен.

10:00 - ТЖ кезінде шағын және орта бизнесті қолдау туралы. Спикерлер: Жаслан Мәдиев - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, Мәди Такиев - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

11:00 - ҚР Президентінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығы бойынша түсіндірме. Спикер: Нұрлан Ермекбаев - ҚР қорғаныс министрі.

12:00 - ТЖ кезеңінде Қазақстандағы қашықтықтан білім беру туралы. Спикер: Асхат Аймағамбетов - ҚР Білім және ғылым министрі.

16:00 - Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы. Спикер: Елжан Біртанов - ҚР Денсаулық сақтау министрі.

17:00 - Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы. Спикер:Дәурен Абаев - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Брифингтерді «Хабар24» телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар