+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

3 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 3 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
3 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 3 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Штрих-код пайда болған күн

1973 жылы дәл осы күні IBM компаниясы штрихтап кодтау әмбебап технологиясын ұсынды. Штрих-код - әртүрлі қашықтықтағы және әртүрлі жуандықтағы жолақтардан тұратын компьютерлік есептеу түрі. Жолақтар арасындағы комбинация белгілі бір сандарға сәйкес келеді. 0-ден 9-ға дейінгі сандар екі немесе үш нұсқамен (сет) беріледі. Алғаш рет штрих-код Wrigley's сағызына қойылған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2009 жылы Алматыда «Қазпошта» АҚ ел аумағында «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка енгізілгенін мәлімдеді. Жаңа маркаларда Галилейдің портреті мен табиғат аясындағы телескоп бейнеленген.

2010 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» Қоғамдық қоры Қазақстан халықтарының театрын құрды.

Жаңа театр антреприза түрінде жұмыс істейді, қойылымдар бір уақытта бірнеше тілде өткізілуі мүмкін, яғни әртістер өздерінің ана тілінде өз рөлін ойнай алады. Бұл Қазақстандағы осындай алғашқы театр.

2011 жылы Түркияның туристік аймағы Кападокияда орналасқан жерасты қалалары мен жартасты монастырьларымен әйгілі Невшехир қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшенің ашылу салтанаты болды. Қаланың орталық көшелерінің біріне Н.Назарбаев есімін беру шешімі Невшехир қаласының қалалық мәслихатының отырысында қабылданған.

2012 жылы американдық Эрик Уитакердің әлемге әйгілі Виртуалды хорының құрамына екі қазақстандық қосылды. Бұл жобаның мәні мынада: бүкіл әлемнен мыңдаған адам бір-бірін көрмей, композицияны бейнекамераға түсіріп, дирижерге жібереді, ол өз кезегінде дауыстарды бір-біріне үйлестіріп, теңдесі жоқ сұлу әуен шығарады. Хордың соңғы жобасы - Whitaker's Water Night. Оған әлемнің 73 елінен 3 756 адам қатысты.

2013 жылы Алматыда филигранды техниканы меңгерген танымал хирург Нұртас Қазыбаевтың құрметіне мемориалдық тақта қойылды.

2014 жылы Бельгияның Льеж қаласында белгілі қазақстандық велоспортшы Андрей Кашечкиннің велоспорт академиясы ашылды. Бұл - Қазақстандағы велоспорт академиясының филиалы. Академия базасында барлық жағдай жасалған - жабдықтар, тәжірибелі жаттықтырушылар, спорт дәрігерлері, т.б. бар.

2017 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынасты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Гейдар Әлиев» орденімен марапатталды.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып жатқан «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы аясында Мәскеуде ежелгі дала өркениетінің бірегей мұрасы ұсынылды.

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнердің бүкілресейлік музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырып жатқан «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесіне келген Мәскеу тұрғындары мен қонақтары Қазақстаның нышаны ретінде бүкіл әлемге танымал болған «Алтын адам» экспонатын тамашалауға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері, біздің заманымызға дейінгі VII-ІІІ ғасырларға тиесілі алтын бұйымдар қойылған. Таныстыруға қойылған жәдігерлердің жалпы саны 170-тен асады.

2019 жылы РФ Президенті В.В.Путиннің шақыртуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екі мемлекет арасындағы одақтастық және стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету, олардың тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы беделін арттыруға жәрдемдесу мақсатында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге деген ниеттерін білдірді.

2019 жылы Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионатында маңызды сәттердің бірі Аделаида Пчелинцева ел рекордын орнатты.

Спортшы 50 метр брасспен жүзуде Қазақстанның жаңа жоғары көрсеткішін көрсетті. Рекордты нәтиже – 00.31.81 секунд.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT