+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

3 пойыздың қозғалысы тоқтады: Жолаушыларға билет бағасы қайтарылады

2020 жылғы 30 маусым 18:08
Бөлісіңіз:
3 пойыздың қозғалысы тоқтады: Жолаушыларға билет бағасы қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан құралған 3 коммерциялық жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар:

- № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау» рейсі. Пойыз Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Атырауға 2 шілдеде жетуі керек болған;

- № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал» рейсі. Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 2 шілдесінде шығып, Орал қаласына 3 шілдеде жетуі керек болған;

- № 701/702 «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» рейсі. Алматы-2-ден 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалына 2 шілдеде жетуі керек болған.

Осы аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар ақшасын толық көлемде қайтара алады. Болмаса қолындағы билетін басқа уақыттағы рейске ауыстыру мүмкіндігі бар.

Атап айтқанда, билеттерді мына бағыт бойынша ауыстыруға болады:

- «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағдары;

- «Нұр-Сұлтан – Орал» бағдары;

- «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағдары;

- Орал-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары;

- Петропавл-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары.

«Бағдарлар бойынша қосымша ақпарат алу үшін 105 нөміріне (минутына 112 теңге) хабарласуға болады. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген ыңғайсыздыққа байланысты жолаушылардан кешірім сұрайды», - делінген компанияның хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT