3 мыңға жуық жұмысшының 184 млн. теңгені құрайтын жалақысы қайтарылды - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылғы тамыздың 28-і мен қыркүйектің 3-і аралығында прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде еліміздегі 3 мыңға жуық жұмысшының 138 миллион теңгені құрайтын еңбекақылық   алашағы қайтарылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мәселен, Алматы қалалық прокуратурасының ұйғарымы бойынша «МО-1» ЖШС-ге қарасты 338 жұмысшының  26,1 миллион теңгені құрайтын жалақылары өтелді. Ал Қызылорда облысы прокуратура қызметкерлерінің ұсынысы бойынша «Аралтұз» АҚ-ның 645 қызметшісіне тиесілі 11,9 миллион теңгені құрайтын еңбекақысы өндіріліп, төленді. Бүгінгі күні 2 мыңға жуық жұмысшының 87,7 миллион теңгеден астам соманы құрайтын  еңбекақысын өндіріп алуға байланысты прокурорлық қадағалау актісі орындалу үстінде», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен бірге, Бас прокуратура жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін берілетін субсидияның бөліну заңдылығы жөніндегі қызметтеріне де тексеру жүргізіп жатыр. Бұл бағыттағы алдын ала нәтижелер субсидияларды бөлу кезінде көптеген заң бұзушылықтардың орын алатынын айғақтап берді. «Атап айтқанда,  субсидия көлемін, ведомствоаралық комиссияның құрамын және субсидия алушылардың тізімін белгілеу ережелерін сақтамау, егінді қабылдау ережесін бұзу,  құжаттарды толық тапсырмау, арыздарды уақтылы қарамау сияқты заң бұзушылықтар орын алып отыр. Сондай-ақ, ауылшарушылығы тауарларын өндіруші болып табылмайтын және бюджеттік субсидияландыруға жатпайтын кәсіпорындарға  жәрдемақы беру  фактілері де кездесті», делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар