3 мың гектар орман отқа оранды: Әдейі өртеген күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Португалияда орманды әдейі өртеді деген күдікті ұсталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Сенбі күні кешкісін елдің солтүстік-шығысында тұтанған алапат өрт 3 мың гектар орманды жалмады.

Хабарларға қарағанда, 20 адам зардап шеккен, соның 8-і өрт сөндіруші, қалғаны жергілікті тұрғындар.

Тұтас бір елді мекен эвакуацияланды.

Сұрапыл өртті сөндіруге мыңға жуық өрт сөндіруші, 240 машина және 13 ұшақ тартылды.

Тіілісіз жау тек жексенбі күні ғана ауыздықталды. Ал оны толықтай сөндіру үшін Еуроодақтың арнайы қызметтері спутниктен алынған суреттерді беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар