3 мың Алматы тұрғыны Елбасы Жолдауын тыңдауға жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 3 мың адам Республика сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы тікелей трансляция арқылы тыңдауға жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарарт тілшісі.

Мемлекет басшысының ел дамуының әлеуметтік-экономикалық саладағы маңызды мәселелері туралы сөзін әкімдік өкілдері, ҚХА мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, дәрігерлер мен жастар тыңдады.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы деңгейі 1,5 есе өспек (28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін)

Одан бөлек бюджеттік сала жұмысшыларының жалақысы 35 пайызға артпақ.

2019-2021 жылдарға осы мақсатта 96 млрд теңге бөлінетін болады.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекке Алматыны түрлендіру жолында жасаған жұмысы үшін алғыс айтты. 

null 

Соңғы жаңалықтар