Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

3 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген ҚР азаматы анықталды

2022 жылғы 23 маусым 11:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте 3 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматты әшкереледі.

Қылмыстық пиғылды іске асыру үшін 6 компания құрылған. Олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты. Салдарынан мемлекет бюджетіне салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам сома түспеген.

Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді», - делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінде.


Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары