3 млрд теңгеге салынған аты шулы мектеп 1 қыркүйекте оқушы қабылдайды – әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Алматы облысының Талғар ауданындағы атышулы мектептің тағдырына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауапта министрлік мамандары аталған білім ошағына билік өкілдері барып, шолу жүргізгені айтылған. Шолу жасағандар шатырдан су ағып, төбенің ісініп кетуі, әрлеу материалдарының қабыршықталып түсуі нөсер жаңбырдың кесірінен болған деген қорытындыға келген. Мектеп салуға ақша бөлу және оны қолданысқа қабылдап алу жергілікті әкімдіктің құзырындағы шаруа екені де айтылған.

Ал Алматы облысының Білім басқармасы мектеп ғимаратының тек бір корпусында ғана қабырға шытынағанын алға тартады. Ололқылықты жоюүшін ақау шыққа бөлікті бұзып, қайта салу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

«BI Global» ЖШС мамандары тексеру жүргізді. Ақауларды анықтап, қосымша материал әкеп, кемшіліктердітүзету жұмыстары басталып кетті. Абаттандыру жұмыстарындағы және шатырдағы кемшіліктер 18 тамызға дейін жойылады. Киім ауыстыратын бөліктегі ақаулар 25 тамызға дейін түзетіледі. 1 қырүйекте мектеп оқушыларды қабылдап, сабақ бастайды», - деп жазылған Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар