+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

3 млн астам қазақстандық Facebook қолданушының деректері желіге тарап кетті

2021 жылғы 4 сәуір 15:33
Бөлісіңіз:
3 млн астам қазақстандық Facebook қолданушының деректері желіге тарап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - KZ-CERT «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ақпараттық қауіпсіздік жағдайын зерттеу аясында компьютерлік инциденттерге ықпал ету қызметі Facebook әлеуметтік желісінің 3 миллионнан астам қазақстандық қолданушысы туралы деректер желіге тарап кеткенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық жастар туристерге арналған мобильді қосымша жасап шығарды Бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады Цифрлық экономиканы дамыту бойынша Қазақстан нешінші орында

«Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елінен 533 миллионнан астам қолданушы туралы мәліметтер базасын жариялады. Материалдарды зерттей келе, Қазақстандағы 3 214 990 қолданушының аты-жөні мен тегі, телефон нөмірі, тұратын елі/қаласы, жұмыс орны және оқуы туралы мәліметтер желіге тарап кеткені анықталды» деп жазылған «Мемлекеттік техникалық қызмет» компаниясының сайтында.

Аталған парақшада жазылғандай, желі қолданушыларының жеке мәліметтерінің тарап кетуінің салдары ауыр болуы мүмкін.

Қаскүнемдер жеке мәліметтерді пайдалана отырып желі қолданушысын бопсалауы, банк карточкасынан ақша шығарып алуы, жеке өміріне араласуы мүмкін, тіпті балалары қайда оқитынын біліп алып, зиян келтіруі мүмкін.

«Компьютерлік инциденттерге ықпал ету қызметі қазақстандықтарды әртүрлі көздерден хабарламалар мен қоңыраулар алу кезінде сақ болуға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында жеке деректерді жинау және тарату «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заң негізінде жүзеге асырылады. Бұл заң шетелдік сайттарға қолданылмайды, сондықтан жеке деректеріңізді сақтау үшін және қаскүнемдерден қорғану үшін отандық әлеуметтік желілерді қолдануды ұсынамыз» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT