3 миллионнан астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалды – Еңбек министрлігі
«3 млн 79 мың 960 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды. 16 сәуірдегі сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 5 млн 997 мың 567 азаматтан барлығы 7 млн 251 мың 526 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 253 мың 959 қайталанатын өтінім тіркелді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бірегей өтініштердің ең көп саны: Алматы облысы – 752 901; Алматы қаласы – 722 112; Түркістан облысы – 705 755; Нұр-Сұлтан қаласы – 464 526; Шымкент қаласы – 382 669.
Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған: Алматы облысы – 452 196; Түркістан облысы – 363 930; Алматы қаласы – 313 392.
«Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді», - деп нақтылады ведомство өкілдері.
Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.
https://t.me/Help42500Bot