3 маусымда елордада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 3 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады. Мәжіліс қашықтан жұмыс істеу режимін жалғастырады.

10:30-да ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мен ҚР БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбайдың қатысуымен 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша брифинг өтеді. Тікелей эфир министрліктің Facebook -тегі парақшасында жүргізіледі.

11.00-де ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаровтың халық алдында есеп беру кездесуі онлайн түрде өтеді.


АЛМАТЫ

15.00-де Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Целинный» заманауи мәдениет орталығының таныстырылымы мен тұжырымдамасын талқылау бойынша онлайн тыңдалым өткізеді.


Соңғы жаңалықтар