+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

3 маусым. Туған күн иелері

2020 жылғы 3 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
3 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 3 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

97 жыл бұрын (1923-2015) суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы ҚАЙДАРОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі Кинематография институтының көркемсурет бөлімін бітірген.

«Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдары редакцияларында істеген. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1976-1981 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациялық кино және шығармашыл жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшысы болған. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильм жасалған. Аталмыш туынды Санкт-Петербург қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған. Сондай-ақ оның «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр құрылысшы», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қырық өтірік», т.б. мультфильмдері бар. «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

56 жыл бұын (1964) Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы ТРҰМОВ дүниеге келді.

Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1981-1990 жылдары «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде бетоншы болып жұмыс істеген. 1990-1994 жылдары – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы. 1994-1995 жылдары – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы.1995-2004 жылдары – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры. 2004-2006 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2008-2012 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2012-2015 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі. 2015-2017 жылдары – Ақтау қаласының әкімі. 2017 жылы қараша айында 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының № 6 сайлау округінің депутаты.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың маусым айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

41 жыл бұрын (1979) «Nur Otan» партиясының хатшысы Марат Әмірұлы СЕМБЕКОВ дүниеге келді.

Павлодарда туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары ҚР әділет, экономика және бюджет жоспарлау министрліктерінде, премьер-министр кеңсесінде жауапты қызметтерді атқарды, әкімшілік-құқықтық және заң бөлімдерін басқарған, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің аппарат жетекшісі болған. 2010-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, ал кейін жаңа қызметке тағайындалғанша ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде жетекшінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болды. 2019 жылдың ақпан-шілде айларында Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың шілдесінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT