3 қазан. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 3 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

122 жыл бұрын (1900-1940) қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор Иса БАЙЗАҚОВ дүниеге келді.

Павлодар облысының Ертіс ауданында туған. Орынбор қаласындағы Қазақ халық ағарту институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Жастайынан суырып салма ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түседі. 1919-1920 жылдары ел ішінде Бағит, Құдайберген деген ақындармен айтысып, жеңеді. Алғашқы өлеңдері 1924 жылы жарияланды. 1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш театры ашылғанда, М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнады. 40-тан астам халық әндерінің сөзін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес қайта жазды. Репертуарындағы халық әндерінің көпшілігі «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын» операларына енді. 1931-1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, Жазушылар одағында қызмет етті. Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып ауыл-ауылды аралап жалынды өлеңімен, асқақ өнерімен үгітшілік қызмет атқарды. Оның атақты «Желдірмелері» (бес желдірме) халық арасына кеңінен таралды. Шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылып, орыс тілінде де жарияланды. Жазушы Н. Анов «Ән қанаты» романында, осы аттас кинофильмде әнші-ақынның көркем бейнесін жасады. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 1980 жылы республикалық деңгейде алғашқы рет қазақтың халық ақыны Иса Байзақовтың туған күні атап өтілді. И.Байзақовтың 80 жылдық мерейтойында «Беловодский» ұжымшарының атауы Иса Байзақов атындағы ауыл болып өзгертілді. Ертіс ауданындағы Мәдениет үйінің алдында Иса Байзақовтың бюст ескерткіші орнатылды. Оның есімі аудан орталығының көшелеріне берілді. Иса Байзақовтың 100 жылдық мерейтойы салтанатты жағдайда Астана, Павлодар қалаларында және Ертіс ауданы мен оның туған жерінде атап өтілді. 2010 жылдың тамыз айында Павлодар облысында Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтті.

81 жыл бұрын (1941-2012) жазушы, аудармашы Бақытжан МОМЫШҰЛЫ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші болып бастап, Жамбыл облыстық газетінде, «Ленинская смена» газетінде еңбек етті. Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастап, Ш. Мұртазаның «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж. Молдағалиевтің, Д. Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ. Найманбаевтың, Б. Бодаубаевтың, Б. Тоғысбаевтың, М. Айымбетовтың, К .Тоқаевтың, т.б. жазушылардың туындыларын аударған. Өзінің «Жанымның жарық жұлдызы», «Қасымда сен барда», «Әкеге құрмет», т.б. кітаптары жарық көрген.

64 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасының қоғам және саясат қайраткері Зағипа Яхияқызы БАЛИЕВА дүниеге келді.

Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист-халықаралық маман.

1975-1976 жылдары СКТУ-де лаборант болып жұмыс істеген. 1981-1982 жылдары – Жамбыл облыстық құрылыс банкінде заңгер кеңесші. 1982-1986 жылдары – Жамбыл қалалық атқару комитетінде заңгер. 1986-1992 жылдары – Алматы қалалық атқару комитетінің тұрғын үйді есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары – Алматы қаласы әкімшілігінің басшысы аппаратының Заң бөлімінің меңгерушісі. 1994-1995 жылдары – XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1995-1996 жылдары – ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы. 1996-2005 жылдары ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы. 2005-2009 жылдары – ҚР Әділет министрі. 2009-2011 жылдары – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

44 жыл бұрын (1978) «Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Раушан Жаңабергенқызы ҚАЖЫБАЕВА дүниеге келді.

Торғай облысы Есіл қаласында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған, журналист (1999 ж).

Еңбек жолы: «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ саяси шолушы, Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының директоры, «Қазақстан- Астана ТРО» ЖШС орыс редакциясының бас редакторы (1999-2007), ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі (2007-2008); ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі (2008-2012); ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы (2012-2014); ҚР Қорғаныс министрлігі БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент басшысы (04.2014-11.2014); «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры (2014-2016); ҚР Премьер-министрі Бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016-2019); ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі (03.2019-08.2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамызынан.

44 жыл бұрын (1978) Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Берлешұлы ШАХАРОВ дүниеге келді.

Орынбор облысында (РКФСР) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясын бітірген, дене шынықтыру оқытушысы – спорт жаттықтырушысы (1999); Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, халықаралық экономист (2002); РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, аспирантура (2013). Еңбек жолы: Ақтөбе Мемлекеттік Университеті спорт пәндері кафедрасының оқытушысы. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы (2000-2004); Ақтөбе облысының олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры (2004-2007); Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі (2013-2017); Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының әкімі (2017-2020).

Қазіргі лауазымында – 2020 жылғы наурыздан бастап.

42 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы Әнуар Жоламанұлы САБЫРОВ дүниеге келді.

2002 жылы Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасының Заң шығару институтында бастады. 2003 жылдың сәуір айынан бастап – Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің жетекші маманы, 2004 жылдың қаңтар айынан бастап – Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілердепартаментінің жетекші маманы. 2004 жылғы наурыз – 2009 жылғы қазан – Жоғары Сот Аппаратының аға, бас сарапшы, бас консультанты, сектор меңгерушісі. 2009 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, ал 2011 жылғы маусымнан бастап – сектор меңгерушісі.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы.

«Ерең еңбегі үшін» медалімен (2014) марапатталған.

42 жыл бұрын (1980) Түркістан қаласының прокуроры Жаннұр Асқарбекұлы АХМЕТБЕК дүниеге келді.

Қостанай облысы Жангелді ауданында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі. Бұған дейін Түркістан облысы Түлкібас ауданының прокуроры болып қызмет істеген.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылғы қыркүйектен бастап.


34 жыл бұрын (1988) Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ермек КЕНЖЕХАНҰЛЫ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. «Болашақ» халықаралық стипендиясы« бағдарламасы аясында Ұлыбританияның​ Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист», Кореяның Аджу университетін​ «экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша​ тәмамдаған.

Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі« АҚ несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып​ бастаған. Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және​ қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды,​ ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық​ және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық​ басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын,​ Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды. 2019-2021 жылдары – Ақтөбе облысындағы Мартық ауданының әкімі.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар