3 қазан күні еліміздің 4 қаласында ауа ластануы ықтимал

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 қазан күні Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 3 қазанда еліміздің Нұр-Сұлтан, Теміртау, Өскемен және Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа шаһарларында метеожағдай ойдағыдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар