3 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 3 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі және Түркістан қаласының бас жоспары қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн көрсетіледі.
12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Оған қалалық ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров қатысады. Баспасөз брифингі елорда әкімдігінің Facеbook-тегі парақшасының тікелей эфирінде өтеді.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев қатысады.
- Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Коронавирустан жазылған науқастар вакцинаны қашан салдыра алады
-
Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
-
Коронавирус: Бейжіңде 100 мың такси жүргізушісі вакцина салдыруға жазылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам