Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 23 °С
USD 343.45 EUR 399.57
RUB 5.52 CNY 51.28
Жаңалықтар

3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2018 жылғы 3 қаңтар 06:30 1854
Бөлісіңіз:
3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 3 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

3 қаңтар СӘРСЕНБІ

Эстонияда Азаттық үшін соғыста қаза тапқандарды еске алу күні

1918 жылғы 28 қараша мен 1920 жылғы 3 қаңтар аралығында Кеңес үкіметіне қарсы еркіндік пен тәуелсіздік үшін эстон халқының соғысы. Бұл соғыстың біткен күні деп есептеледі, алайда соғысқа соңғы нүкте қойылған Юрьев бейбітшілік келісімі 1920 жылдың 2 ақпаны күні, бір ай өткесін қабылданды.

Коктейльге арналған сабан талының шыққан күн

1988 жылдың 3 қаңтарында қағаз темекі мүштіктерін шығаратын фабриканың иесі Марвин Стоун өзі ойлап тапқан сабан талын патенттеді. Ол Вашингтон патент бюросында коктейльді және басқа да сусындарды ішуге арналған сабан талының № 375962 құжатын алды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөнінде бірлескен мазмұндамаға қол қойылды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік автоинспекциясы атауы Жол полициясы болып өзгертілді.

2005 жылы Павлодарда Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа ескерткіш тақта орнатылды.

М.Қайырбаев (1925-1996) - 1943 жылы Калинин және Беларусь майдандарында полк, батареяны басқарған. Соғыс жылдары 2 рет Отан соғысы, Александр Невский ордендерiмен, медальдармен марапатталған. 1944 жылы 19 жастағы қазақстандық майдангер Шауляй түбіндегі шайқасы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейiнгі жылдары да ерен еңбегі үшін екi рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталған.

2007 жылы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «ХХІ ғасыр және Шәкәрім әлемі» атты ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері зерттеулер жүргізу барысында қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтарын тапты.

Ғалымдар Шәкәрiмнің ұлы Зият ақын және режиссер болғаны туралы куәландыратын құжаттар тапты. Ол Қытайда өмiр сүрiп және жұмыс iстеген және сол жерде қазақ мәдениетiн белсене насихаттаған. Сонымен бiрге оның жазған әндері де табылған.

2007 жылы Парижде қазақтың танымал жазушысы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досановтың «Ақ Аруана» атты кітабы француз тілінде жарық көрді. Кітаптың алғы сөзін көрнектi әдеби сыншы Альбер Фишлер жазды. Аудармасын жасаған белгiлi француз аудармашысы Анри Авриль.

2008 жылы Варшавадағы Қазақстанның Елшілігі қоғамға және поляктардың жас буын өкілдеріне ортаазиялық барыс және Қазақстан туралы көркем суреттермен безендірілген кітаптың компакт-дискісін алғаш рет басып шығарды.
Бірінші таныстырылым «Менің Қазақстаным» («Moj Kazachstan») деп аталады, онда Қазақстан Республикасының мәдени мұрасы, тарихи ескерткіштердің әсерлі фотосуреттері, әдебиет және музыка өнерінің белгілі қайраткерлері, Қазақстандағы 130 ұлттың киімдері, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа республикалардың басшыларымен халықаралық кездесулері, Астана және Алматы қалалары туралы толық ақпарат 142 слайдта бейнелденген. Екінші таныстырылым «Қазақстанның инвестициясы» («Inwestycje w Republice Kazachstanu»), ол Қазақстан Республикасының инвестициялық және инновациялық жобалары, экономикалық ахуалы, экономикалық саясаты туралы толық ақпарат беретін 22 слайдтан тұрады.

1996 жылы Солтүстік Америкада Motorola StarTAC ұялы телефоны сатылымға түсті. Ол ашылып-жабылатын алғашқы телефон еді. Осы телефон үлгісінің шыққан уақытында шамамен 60 миллион данасы сатылды.

2006 жылы Әзербайжанда жаңа ақшалар айналымға енгізілді. Олар - әрқайсысы 5 мың ескі ақшаға тең деноминацияланған (ірілендірілген) манаттар. Ақшаны ірілендіру туралы шешім 2005 жылдың ақпан айында қабылданған еді.

ЕСІМДЕР


3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 118 жыл
бұрын (1900-1974) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы ортопедиялық-травматология негізін салушылардың бірі ЭДЕЛЬШТЕЙН Григорий Львович дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Украинаның Днепропетровск облысында туған. Ресейдегі Томск мемлекеттік университетін бітірген. 1958 жылдан Қазақстанда тұрып, Алматы мемлекеттік медициналық институтының кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас травматологы болған. 1964-1974 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері сүйек пластикасы (өз сүйегін өзіне, сондай-ақ өзгенің сүйегін жамау) мәселелеріне арналған.








3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 115 жыл
бұрын (1903-1972) орыс жазушысы БЕК Александр Альфредович дүниеге келді.

Ресейдің Саратов қаласында туған. Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жазушының алғашқы очерктері дивизиялық газетте жарияланған. Ал тұңғыш көркем шығармаларының бірі «Курако» повесі 1934 жылы жарық көрген. Оның «Бір түннің оқиғасы», «Влас Лесовик» повестері, «Жас адамдар», «Жаңа қызмет» романдары бар. Қаламгердің шоқтығы биік туындыларының бірі - Ұлы отан соғысының ауыр кезеңін, 1941 жылы Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандық ерлігін баяндайтын «Волоколамск тас жолы» атты шығармасы. Туындының бас кейіпкері - қазақ халқының даңқты батыр ұлы, сол кездегі батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы. Шығармада Момышұлының ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Роман қазақ тілінде «Арпалыс» деген атпен басылып шыққан. Сонымен қатар француз, неміс, араб, итальян, португал, испан, грек, фин тілдеріне тәржімаланып, әлемнің түпкір-түпкіріне кең тараған.




89 жыл
бұрын (1929-1989) айтыс ақыны ОМАРОВ Көпбай дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтты бітірген. Ұстаздық қызметі 1950 жылдан басталып, Берен ауылындағы орта мектепте өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Бұл мектеп қазір Омаров есімімен аталады. 1964 жылы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысқан айтыста 1-ші орын алды. Бұдан кейінде талай айтыстардың жеңімпазы болды. Ол нағыз суырып салма ақын әрі асқақ үнді әнші. Тайжан, Нартай дәстүрін жалғастырып, жезсырнайға әсем үнін қосқан Омаров музыка аспаптарында шебер ойнады. Сүгірдің «Қаратау шертпесі» мен «Бозінген» күйлерін нақышына келтіре орындады. Ақын 1989 жылы мамыр айыңда Өзбекстан мен Қазақстан ақындары арасында өткен айтысқа қатысты.

68 жыл бұрын (1950-2008) еркін күрестен, самбо, қазақша күрестен спорт шебері БАЙМҰҚАШЕВ Сейдәлім Мұқанбайұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Еркін күрестен, самбо күресінен Қазақстан чемпионы. Қазақша күрестен XV, XVI Қазақстан Спартакиадаларының чемпионы. Еркін күрестен ауыл спортшылары арасындағы КСРО чемпионатына қатысқан. 1979 жылы еркін күрестен Ұлан-Батырда (МХР), Ташкентте (Өзбекстан) Орталық Азия жүлдесіне өткізілген Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.


3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 55 жыл
бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесінің бөлім меңгерушісі КАЛАЙЧИДИ Алексей Дмитриевич дүниеге келген.

Ол Фрунзе политехника институтын (1985); КСРО ІІМ Жоғары курстарын (1990); Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2008) бітірген.

Еңбек жолы: Қырғыз КСР Тоқмақ қаласы №93 арнайы басқармасының шебері, Шымкент қаласындағы мемлекеттік жобалау институтының инженері (1985 жылдан); Шымкент облысы Абай АІІБ қылмыстарды іздеу жедел өкілі (1990 жылдан); Оңтүстік Қазақстан облысында және ІІМ орталық аппаратында инспектор, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы; ІІМ заң қызметін, сондай-ақ жеке құрам жөніндегі инспекциясын басқарған (2005-2006); Жамбыл облыстық ІІД бастығының тәрбиелік және кадрлармен жұмыстар жөніндегі орынбасары (2006-2008); ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлім меңгерушісінің орынбасары (2008-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2012); 5 мерейтойлық медальмен марапатталған.


3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 53 жыл
бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы ӘЗІЛХАНОВ Марат Алмасұлы дүниеге келген.

Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін емдеу ісі (1988) мамандығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын құқықтану мамандығы бойынша (2000) бітірген.

Еңбек жолы: Қызылорда қаласында дәрігер-хирург, (1988-1992); Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды (1992-2011); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары  (2011-2013); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы (2013-2014); Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі (2014-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2016); ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2003), ІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2007), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2009), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты берілген (2010).


3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 50 жыл
бұрын (1968) Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры ҚАСҚАБАСОВ Серік Сейітұлы дүниеге келген.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін география оқытушысы мамандығымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: мемлекеттік органдар мен ұйымдарда: ҚР Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігінде, ҚР Президенті аппаратында, Министрлер Кабинетінде, «Яссауи» компаниясында, ҚР Білім және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт комитетінде, ҚР Президенті Іс басқармасында, Астана қаласының әкімдігінде, «Almaton2» ЖШС-да, «Нұр Отан» ХДП ОА-да, «Қазына» тұрақты даму қорында қызмет атқарған, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ операциялар қызметі департаментінің директоры (2008-2012); ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ вице-президенті (2012 жылдан бастап); Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы бас директорының орынбасары.

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың қазанынан бері атқарып келеді.


3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 44 жыл
бұрын (1974) белгілі боксшы МӘЗІМБАЕВ Марат Кененбайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын және ҚР ІІМ академиясының заң институтын бітірген, мамандықтары: дене тәрбиесі оқытушысы, бокстан жаттықтырушы, заңгер.
ІВА нұсқасы бойынша 52,2 келі салмақта кәсіби бокстан әлем чемпионы (2005, 2007). Жамбыл облысының Қордай ауданының құрметті азаматы.






3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 126 жыл
бұрын (1892 -1973) ағылшынның фэнтези жанрындағы жазушысы, «Хоббит» және «Сақина әміршісі» кітаптарының авторы Джон ТОЛКИЕН дүниеге келді.













3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 62 жыл
бұрын (1956) американдық актер, режиссер, сценарист және продюсер Мэл ГИБСОН дүниеге келді.














3 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 49 жыл
бұрын (1969) «Формула-1» жарысының атақты велошабандозы Михаэль ШУМАХЕР дүниеге келді.

 

 


Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат