3 баланы көлік қаққан оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте үш баланы көлік қағу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте болған, ол бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды» делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, Шымкентте 17 жастағы жасөспірім көлікпен үш баланы қағып, оның біреуі оқиға орнында көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар