3 әйелді пышақтап өлтірген күдікті әрекетін түсіндіре алмай отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталған Замалдин Палтуев қылмыс жасағанын мойындады, істеген ісіне өкінеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Палтуевтың қорғаушысы Дін-Мұхамед Нарымбетов айты.

Оның айтуынша, 34 жастағы күдікті өзінің қылмыс жасағанын мойындады.

«Тергеу кезінде Палтуев үш әйелді өлтіргенін толық мойындап, істегеніне өкініш білдірді. Сотталушы өзінің қандай мақсатпен әрекет еткенін әзірге түсіндіре алмай отыр. Жапа шеккендердің туыстарымен келісу туралы әңгіме мүлде жоқ. Себебі бұл өте ауыр қылмыс. Кешірім беретініне үміт жоқ» - деді адвокат.

Замалдин Палтуев ҚР ҚК 5-бабы бойынша айыпқа тартылып отыр. Оның ішінде адам өлтіру, тонау, өртеу қылмыстары бар.

«Ол аталған кодекстің 4-бабы бойынша өз кінәсін мойындап отыр. Бір бап бойынша келіспеушілігі бар. Яғни, ҚР ҚК 99-бабы - адам өлтіру бойынша ғана өмір бойы бас бостандығынан айрылу жазасы қарастырылған», - деді ол.

Айта кету керек, сот медициналық сараптама нәтижесінде Палтуевтың психикалық денсаулығында ауытқу жоқ екендігі анықталды.

«Қылмыс жасау кезінде ол мас болған. Бірақ, бірқатар БАҚ-та хабарлағандай, әйелдердің ішкі органдары ойылып алынбаған. Мен тергеу материалдарымен танысып шықтым. Онда тек пышақ сұғылған кесілген жаралары туралы ғана ақпарат бар. Әйелдердің денелері бөлшектенбеген», - деді қорғаушы.

Еске сала кетсек, жантүршігерлік қылмыс Алматыда былтыр желтоқсанның 1-нен 2-сіне қараған түні болған.


фото:progomel.by

Соңғы жаңалықтар