3 әскери және ТЖД-ның бірнеше маманымен байланыс болмай тұр – Қорғаныс министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыстан кейін 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыс болмай тұр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әскери бөлімде бірнеше әскери қызметшіні және әскерилендірілген күзетті қоса алғанда 135 адам қызмет етеді. Олардың басым бөлігі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер саналады. Шамамен 15 офицер бар. Ол жерде қатардағы жауынгерлер жоқ. Біз әзірше үш әскери қызметшімен байланыса алмай отырмыз. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманы жоғалды», - деді министр Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Естеріңізге сала кетсек, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймалардың бірі өртеніп, артынан жойқын жарылыс болды. Қазіргі уақытта оннан астам жарылыс болғаны мәлім етілді. Сонымен қатар 4 әскери қызметші қаза тапқан.


Соңғы жаңалықтар