+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

3 ақпанда еліміздің көп бөлігінде бұрқасын болады

2017 жылғы 3 ақпан 08:31
Бөлісіңіз:
3 ақпанда еліміздің көп бөлігінде бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25, оңтүстік-батыста кей уақытта 30 м/с аса күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, таулы аймақтарда желдің екпіні 30 м/с аса күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде тұман болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT