3 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де «Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында «Ісіктердің алдын алу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Astana Hub» халықаралық технопаркінде «Байтақ» жасылдар партиясы сайлау алдындағы съезд өткізіп, Мәжіліске кандидаттардың партиялық тізімін жариялайды.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қысқы уақыттағы құтқару жұмыстары» атты баспасөз мәслихатын өткізеді. Спикер: ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Күлшімбаев Ибрагим Даукесұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Кабаре жұлдызы» музыкалық комедиясы көрсетіледі.

19.00-де Astana Opera театрында «Дон Паскуале» атты екі бөлімді драма-буффа ұсынылады.

19.00-де Жастар театрында «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» повесі қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театры «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар