3 адамның қазасына әкелген жол апатын Алматы полициясы тексеріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жантүршігерлік жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты кеше түнде болды. Рысқұлов көшесімен оңтүстікке бет алған Mercedes-Benz қарама қарсы келе жатқан Toyota Ipsum көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Toyota Ipsum көлігінің екі жолушысы, Mercedes-Benz  жүргізушісі оқиға болған жерде қаза тапты.

Ал, 24 жастағы минивэн жүргізушісі №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу барысында бірқатар сараптама тағайындалады», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Рустам Абдрахманов.

Полицияның хабарлауынша, жол апатына 34 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін.

Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан өтіп кеткен.

Соңғы жаңалықтар