3-9 желтоқсан күндері Астанада өтетін іс-шаралар жоспары

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі 3-9 желтоқсан күндері аралығында Астана қаласында өтетін мәдени және спорттық шаралар жоспарын ұсынады.

1-3 желтоқсанда (басталуы сағат 10.00) «Астана Арена» стадионында Бокстан балалар және жастар арасында турнир өтеді.

2-5 желтоқсан аралығында (сағат 10.00) Сәкен Сейфуллин мұражайында «Қазақ елі және Елбасы» көрмесі жұмыс істейді.

2-3 желтоқсанда (сағат 12.00) «Барыс» спорт кешенінде маусымаралық командалардың жастар (жасөспірімдер) арасындағы ҚР Чемпионатын көруге болады.

3  желтоқсанда (сағат 17.00) «Барыс Арена» КМС-те 2018-2019 маусымның ҚХЛ чемпионаты аясында «Барыс» - «Металлург МГ» командалары ойнайды.

3  желтоқсан күні (сағат 19.00) италиялық «Сан-Ремо» тобы «Жастар» сарайына концертке шақырады.  

4 желтоқсанда (сағат 9.00) «Алау» мұзайдыны сарайында шорт-тректен «БЖМСМ № 2» ашық біріншілігі өтеді.

4  желтоқсан күні (сағат 19.30) «Nomad City Hall» концерттік залында В. Ронкеттидің «Игра на вылет» комедиялық қойылымы болады.

5-6 желтоқсанда (сағат 9.00) «Алау» мұзайдыны сарайында «Astana Figure Skating Cup - 2018» конькимен мәнерлеп сырғанаудан Астана қаласының Ашық кубогы өтеді.

5-6 желтоқсан күндері (сағат 16.00) «Тарлан Арена» спорт кешенінде баскетболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионаты аясында «Астана Тайгерс-2» - «Синегорье» кездеседі.

5 желтоқсанда (сағат 18.30) Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Р. Отарбаевтың «Әміре» драмасын ұсынады.

6-8 желтоқсанда (сағат 10.00) «Барыс Арена» КМС-те ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай жүзуден №4 БЖМОРСМ Біріншілігі өтеді.

6-10 желтоқсан аралығында (сағат 10.00-18.00) Сәкен Сейфуллин мұражайында «Ел  жүрегі - Астана» көрмесі болады.

6 желтоқсан күні (сағат 19.00) Жастар театры Ә. Кекілбаевтің «Нартәуекел» тарихи драмасын ұсынады.

6 желтоқсанда (сағат 19.30) «Жастар» сарайында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің  ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Музыка кино» концерті өтеді.

6 желтоқсан күні (сағат 19.30) «Барыс Арена» КМС-те 2018-2019 маусымның ҚХЛ чемпионаты аясында «Барыс» пен «Трактор» командалары ойнайды.

7-31 желтоқсан аралығында (сағат 10.00 -18.00) Тәуелсіздік сарайында «Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі» сурет көрмесі өтеді.

7 желтоқсан күні (сағат 18.30) Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ф. Бордонның «Қардағы көгершіннің ізі» драмасының премьерасына шақырады.

7 желтоқсанда (сағат 19.00) М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Жастар» сарайында М. Булгаковтың «Мастер и Маргарита» қойылымын ұсынады.

8 желтоқсанда (сағат 9.00) наңғыроллерлік тас жолында Бірінші республикалық қысқы полония ойыны басталады.

8 желтоқсан күні (сағат 11.00) «Жастар» сарайында Н. Гернеттің «Волшебная лампа Аладдина» ертегісі қойылады (М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

8-9 желтоқсан күндері (сағат 12.00, 14.00) Қуыршақ театрында Б. Заходердің «Көжек қалай қоян болды» ертегісі ұсынылады.

8-9 желтоқсан аралығында (сағат 10.00) «Жастар» сарайында грэпплинг және грэпплинг гиден ересектер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді.

8 желтоқсан күні (сағат 18.00) «Жастар» сарайында  А. Цагарелидің  «Ханума»  музыкалық комедиясын тамашалауға болады (М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

8 желтоқсанда (сағат 18.30) Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасын ұсынады.

9 желтоқсан күні (сағат 10.00) «Жастар» сарайында өтетін мысықтар көрмесіне баруға болады.

9 желтоқсанда (сағат 17.00) «Барыс Арена» КМС-те «КТА» әзіл кешінің финалдық ойыны өтеді.

9 желтоқсан күні (сағат 18.30) Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасын қояды. 

Соңғы жаңалықтар