3,5 мыңнан астам мектепте Интернет жылдамдығын арттыруға техникалық мүмкіндік жоқ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 3,5 мыңнан астам мектепте Интернет жылдамдығын арттыруға техникалық мүмкіндік жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 414 мектептің 3 581-інде Интернет жылдамдығын арттыруға техникалық мүмкіндік жоқ. Сондықтан Интернеттің қажетті жылдамдығын жерсеріктік технологияларды қолдана отырып қамтамасыз ету қажет. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының алдын ала есептеулеріне сәйкес, жыл сайын 418,2 млн теңге талап етіледі. Сәйкесінше, жерсеріктік технологияларды қолданып, 458 мектепті интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деді вице-министр.

Асхат Оразбектің дерегінше, қалған 3 123 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүргізіледі.

«Ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жобасы ауқымында 2024-2027 жылдары аралығында 190 млрд теңге көзделетін болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар