+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады - Президент

2020 жылғы 25 қараша 12:43
Бөлісіңіз:
3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес 3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау Президент Жамбыл облысының әкімін қабылдады Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді

«Өңірлердегі тұрмыс сапасын жақсарту басты назарымызда болады. Жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес, 3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылатын болады. Барлық қалалар мен ауылдар сумен қамтамасыз етіледі. 246 елді мекенге газ тартылады. Мұндай елді мекендерде 900 мың адам тұрады. Олардың 350 мыңнан астамы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының тұрғындары», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті 53 тазалау қондырғысын орнату және жаңғырту арқылы еліміздің барлық өңіріндегі ауыз суды тазартуға мүмкіндік туатындығын айтты. Бұл осы саладағы түйткілді мәселенің ұтымды шешімі болмақ.

«Жол құрылысы қолға алынады. Әр ауылға дейінгі барлық жолдар, яғни 27 мың шақырым жол жөндеуден өткізіледі. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар жылдамдығы жоғары 5G интернетімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ауылдардың 99 пайызы осындай мүмкіндікке ие болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT