3,2 млн тонна картоп жиналды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 3,2 млн тонна картоп жиналды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Майлы дақылдарды жинау 1,4 млн гектар алқапта немесе егін жинау алаңының 40 пайызында жүргізілді. Майлы дақылдардың жалпы жиналымы гектарына 7,3 центнер орташа түсімділікпен 1 млн тоннаны құрайды. Картоп 164,5 мың гектар алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның - 83,3 пайызы. Жалпы жинау гектарына 198,2 центнер түсімділікпен 3,2 млн тоннаны құрады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның дерегінше, көкөніс дақылдары 149,6 мың гектар алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның 87,7 пайызын құрап отыр. Гектарына 280,5 центнер түсімділікпен 4,2 млн тонна өнім алынды.

«Әлеуметтік маңызы бар дақылдардың болжамды жалпы жиналымы республиканың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жылдың қолайлы болу егіннің сапасына оң әсер етті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар