292 күдікті қамауда отыр - қаңтар оқиғасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысты 292 күдікті қамауда отыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда отыр. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуде, қаруларды жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда және басқа да қылмыстарға белсенді түрде қатысқандығы туралы тергеуде жеткілікті мәліметтер бар. Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Соңғы жаңалықтар