29 тамыз. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 29 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

160 жыл бұрын (1861-1933) қазақтың халық композиторы, күйші, қазақ домбыра мектебінің негізін салушылардың бірі Сейтек ОРАЗАЛЫҰЛЫ дүниеге келген.

Батыс Қазақстан облысында туған. Бала күнінен музыкаға қабілетін байқатты. Домбыра тартуды өз ағасы Сұлтанғалидан үйренді, күй орындауды Дәулеткерейдің шәкірттерінен үйренді. «Арпалыс», «Орғытпа», «Шәрипа», «Бес қыз», «Жантаза», «Қарашаш», «Қанатым», «Көкала ат» т.б. күйлері бар. Еркіндік идеялары үшін қуғынға ұшырады. Орда, Иркутск, Қарабайлы, Астрахан, Мәскеу түрмелеріне қамалды. Революцияшыл орыс жұмысшылармен байланысы бар деген айыппен саяси сенімсіз адам ретінде Сібірге айдалды. Осы кезде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» күйлері туды. 1905 жылы елге оралды. «Жоқтау», «Ғазиз», «Мең-зең» «Сары дала» күйлері осы кезде туды. 1905 жылғы революцияға арналған «Жігер», 1916 жыл оқиғаларына үн қосқан «16 жыл» күйлері бар. Сейтек шығармаларының шыңы – «Заман-ай» күйі, Октябрь революциясы оны «17 жыл», «Еркіндік», «Партсъезд» күйлерін шығаруға жігерлендірді. А. Затаевич Сейтек күйлерін «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енгізді. Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» повесі Сейтектің өмірі мен шығармашылығына арналған. Сейтектің көптеген күйлері Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің репертуарында.

53 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ғани Әбдуғаниұлы ТАШҚАРАЕВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 1991 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2008 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын MBA бағдарламасы бойынша бітірген. 2009 жылы DBA бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент қаласы «Тауба» ҚҚ директорының орынбасары болып бастаған. 1992-1993 жж. – Шымкент қаласы «Тауба» МП директоры. 1993-1994 жж. – Шымкент қаласы «Оңтүстік» АПССК инженері. 1994-2018 жж. – Шымкент қаласы «Мұнай Инвестмент Груп» АҚ Басқарма төрағасы. 2007 жылдан бастап қалалық мәслихаттың IV, V, VI сайланың депутаты. 2018-2021 жж. – Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қазіргі қызметінде.

«Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» (2019), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020) мерекелік медальдарымен, «Қайырымдылығы үшін «САУАП» (2010), «Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» (2010) медальдарымен (2011), сонымен қатар «Төлеби ауданының кәсіпкерлікті дамытудағы еңбегі үшін» (2015), «Шымкент қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісі (2016), «Ресей СІМ-нің өзара іс-қимылы үшін» белгісімен (2017) марапатталған.

52 жыл бұрын (1969) Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы МАРЖЫҚПАЕВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетін, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын орта мектепте ұстаздықтан бастады. 1992-1994 жылдар аралығында «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры, кейін «Бурабай» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2008-2013 жылдар аралығында – Аршалы, Зеренді аудандарының әкімі. 2013 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айынан бастап – ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2019 жылдары – Көкшетау қаласының әкімі.

2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

51 жыл бұрын (1970) Семей қаласының әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы БАЙАХМЕТОВ дүниеге келді.

Семей облысы, Аягөз қаласында туған. 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институты, инженер-электрик, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университеті, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1992-1999 жылдары «Алтайэнерго» мекемесінің, Аягөз электр торабының инженері, 1999-2000 жылдары Жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы, 2000 жылы «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамының техникалық қамсыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы, 2000-2001 жылдары «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері, 2001-2002 жылдары Аудандық электр торабының бөлім басшысы, 2002-2004 жылдары Аудандық электр торабының бастығы, 2004 жылы «ВКРЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының мүдірі, Аудандық электр торабының бастығы, 2004-2005 жылдары Бородулиха ауданының электр торабының бастығы, 2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, 2009 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы, 2009 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің есеп басқармасының бас эксперті, 2009 жылғы маусымнан Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас эксперті, 2009 жылғы қазанынан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қарашасынан – Аягөз қаласының әкімі. 2014 жылдың шілдесінен Ұлан ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылғы сәуірге дейін – Аягөз ауданының әкімі. 2019-2021 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2021 жылдың маусымынан бері қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бақытжанұлы БЕКЕТАЕВ дүниеге келді.

Қазіргі Түркістан облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң институтын бітірген, заңгер, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген, халықаралық бизнес-құқық.

2001-2002 жылдары – Алматы қаласында Британдық кеңес құқық мәселелері бойынша консультанты, ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті» РМК сектор меңгерушісі. 2002-2003 жылдары – ҚР СІМ «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету басқармасы» ЖАҚ бастығы. 2003-2004 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның кеңесшісі. 2004-2006 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Еуразиялық мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» РМКК директорының орынбасары, директоры. 2006-2007 жылдары – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2007 жылы – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2007-2010 жылдары – ҚР Әділет вице-министрі. 2010-2015 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2015-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қыркүйегінен бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар