29 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 157 жыл бұрын (1861-1933) қазақтың халық композиторы, күйші, қазақ домбыра мектебінің негізін салушылардың бірі ОРАЗАЛЫҰЛЫ Сейтек дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Бала күнінен музыкаға қабілетін байқатты. Домбыра тартуды өз ағасы Сұлтанғалидан үйренді, күй орындауды Дәулеткерейдің шәкірттерінен үйренді. «Арпалыс», «Орғытпа», «Шәрипа», «Бес қыз», «Жантаза», «Қарашаш», «Қанатым», «Көкала ат» т.б. күйлері бар. Еркіндік идеялары үшін қуғынға ұшырады. Орда, Иркутск, Қарабайлы, Астрахан, Мәскеу түрмелеріне қамалды. Революцияшыл орыс жұмысшылармен байланысы бар деген айыппен саяси сенімсіз адам ретінде Сібірге айдалды. Осы кезде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» күйлері туды. 1905 жылы елге оралды. «Жоқтау», «Ғазиз», «Мең-зең» «Сары дала» күйлері осы кезде туды. 1905 жылғы революцияға арналған «Жігер», 1916 жыл оқиғаларына үн қосқан «16 жыл» күйлері бар. Сейтек шығармаларының шыңы «Заман-ай» күйі, Октябрь революциясы оны «17 жыл», «Еркіндік», «Партсъезд» күйлерін шығаруға жігерлендірді. А.Затаевич Сейтек күйлерін «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енгізді. Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» повесі Сейтектің өмірі мен шығармашылығына арналған. Сейтектің көптеген күйлері Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің репертуарында.

72 жыл бұрын (1946) суретші ЗӘУІРБЕКОВА Бәтима Есмұратқызы дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурманов ауылында туған. Гобеленші, сәндік-қолданбалы өнер иесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. «Астық жинау», «Мелодия» сияқты алғашқы туындылары өткен ғасырдың 70-ші жылдары Мәскеудегі көрмеде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. Бұл туындыларынан тіршілік тынысы айшық бояулар арқылы көрсетіліп, күнделікті тұрмыс көрінісі, дүниенің жарасымдылығы жан-жақты байқалыс танытты. Гобелен кілемдердің бояуларының қанықтығы мен тазалығы автордың жан-дүниесінің нәзіктігін, өмірге деген шыншыл көзқарасы мен махаббатын білдіріп тұрады. Сан түрлі құбылыстарды әсерлеуге құрылған гобелендерді тоқумен қатар сурет өнерін жете меңгерген Зәуірбекова «Әйгерім» атты еңбегінде түр-түстерді мейлінше құбылтып көрсетсе, «Құнарлылық» деп аталатын суретінде өмірдің сәнін келтіретін әйел-ананы аса жоғары дәріптейді. Шығармашылық ой-қиялын шарықтау шегіне жеткізе отырып дүниеге келтірген «Дала мадоннасы» атты еңбегінде көркемдік көріністерді жинақтап көрсетудің ең жоғары үлгісін байқатады. Зәуірбекова көптеген отандық, халықаралық көрмелерге үзбей қатысып аталған еңбектерінен тыс «Көктем», «Жер-ана», «Кешкі Алматы», «Қазақстан кемпірқосағы», «Астық мерекесі», «Береке», «Жас Абай», «Бақыт құстары», «Күй», «Сазгер» сияқты аса ірі, кең ауқымды шығармалары арқылы жоғары бағаланып, сыйлықтар мен лауреаттық атақтарды иеленіп келеді. Оның суреткерлік өнері, тамаша туындылары жайлы шығарылған альбом-кітапта (авт. Ш.Тоқтабаева), Түркияда шығарылған каталогта (1999), «Мелодия» атты деректі фильмде кеңінен сөз болған. Зәуірбекова қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін өзі таңдаған сара өнер гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан жаңашыл суреткер, шеберлік пен шынайы талант иесі. Оның жұмыстары АҚШ-та, Канадада, Ресейде, Түркияда, Францияда, Швейцарияда, Қазақстанда және басқа елдерде мұражайлар мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

69 жыл бұрын(1949) Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі БАТПЕНОВ Нұрлан Жұмағұлұлы дүниеге келген.

Ақмола облысында туған. 1972 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірген.

Еңбек жолын 1972 жылы Целиноград қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада травматология-ортопедия бөлімшесінің ординатор-дәрігері болып бастаған.

1976-1978 жылдары - клиникалық ординатура;

1978-1982 жылдары  Мәскеу қаласындағы Н.Н. Приоров атындағы Травматология және ортопедия орталық институтының аспирантурасында дайындықтан өтті;

1982-1991 жылдары - ассистент, доцент, профессор;

1991-1998 жылдары - Ортопедия және далалық-әскери хирургия курсы, травмотология кафедрасының профессоры, экономикалық мәселелер жөніндегі проректор;

1998-2001 жылдары - Целиноград мемлекеттік медицина институтының ортопедия және далалық-әскеи хирургия, қалпына келтіру травмотологиясы кафедрасының меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор.

Қазіргі қызметінде 2001 жылдан бері.

Профессор Н.Ж. Батпенов Германияда шығарылатын және Қазақстанда, Германия мен ТМД елдерінде қолданылатын, «ҚaзТОҒЗИ, Н. Батпенов моделі» жанбас-сан буынының эндопротезінің жаңа моделінің авторы; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталған; Ғылым мен техника саласында Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; «Құрмет» орденімен, КСРО ХЖК қола медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Алтын дәрігер» ғылыми медициналық төсбелгісімен және басқа да көптеген ҚР Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

null 55 жыл бұрын (1963) Астана  қаласы әкімінің орынбасары АЙТМҰХАМЕТОВ Қосман Қайыртайұлы дүниеге келді.

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бестөбе ауылында дүниеге келген. 1986 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша Ақмола инженерлік-құрылыс институтын, 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді, юриспруденция бакалавры санатына ие болды. Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысының «Изобильный» кеңшарында бастады. 1986-1987 жылдары - Ақмола облысы Қорғалжын ауылының АКТУ-21 оқытушы, «Бестөбе» кеніші Бестөбе АТК-да жабдықтау бойынша инженері болып жұмыс істеді. 1987-1991 жылдары - Целиноград жүктеу автобасқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің инженері, техникалық жағдайды бақылаушы болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап - «АПС» ШЖК директоры (Астана). 1994 жылдан бастап - байланыс автобазасының директоры (Астана). 2001 жылдан бастап - «Горкоммунхоз» МКК директорының орынбасары (Астана). 2003 жылдан бастап - «Горкоммунхоз» МКК директоры (Астана). 2006 жылдан бастап - «Астана Горкоммунхоз» АҚ басқармасының төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» ЖШС директорының орынбасары (Астана). 2008 жылдан бастап - «Астана Горкоммунхоз» АҚ басқармасының төрағасы (Астана). 2009 жылдан бастап - Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2012-2013 жылдары - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2013-2014 жылдары - Ақмола облысының әкімі. 2014  жылғы маусым-тамыз айларында - ҚР Өңірлік даму вице-министрі. 2014- жылғы тамыз-қараша айларында - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2014 жылғы қарашадан бері. «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011 ж.), «Құрмет» орденімен (2012 ж.) марапатталды.

49 жыл бұрын (1969) Көкшетау қаласының әкімі МАРЖЫҚПАЕВ Ермек Боранбайұлы дүниеге келді.

Целиноград қаласында дүниеге келген. 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетін, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын орта мектепте ұстаздықтан бастады.

1992-1994 жылдар аралығында «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры, кейін «Бурабай» ЖШС-ның директоры қызметін атқарды.

2008-2013 жылдар аралығында Аршалы, Зеренді аудандарының әкімі.

2013 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айынан бастап ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

48 жыл бұрын (1970) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі БАЙАХМЕТОВ Бақытжан Кәкенқажыұлы дүниеге келген.

Семей облысы, Аягөз қаласында туған. 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институты, инженер-электрик, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университеті, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992-1999 жылдары «Алтайэнерго» мекемесінің, Аягөз электр торабының инженері, 1999-2000 жылдары Жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы, 2000 жылы «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамының техникалық қамтамасыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы, 2000-2001 жылдары «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері, 2001-2002 жылдары Аудандық электр торабының бөлім басшысы, 2002-2004 жылдары Аудандық электр торабының бастығы, 2004 жылы «ВКРЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының мүдірі, Аудандық электр торабының бастығы, 2004-2005 жылдары Бородулиха ауданының электр торабының бастығы, 2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, 2009 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы, 2009 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының мәдениет және информатика министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің есеп басқармасының бас эксперті, 2009 жылғы маусымынан Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас эксперті, 2009 жылғы қазанынан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қарашасынан Аягөз қаласының әкімі. 2014 жылдың шілдесінен Ұлан ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Аягөз ауданының әкімі.


null 41 жыл
 бұрын (1977) Қазақстан Республикасының Әділет министрі БЕКЕТАЕВ Марат Бақытжанұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң институтын бітірген, заңгер, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген, халықаралық бизнес-құқық.

2001-2002 жылдары Алматы қаласында Британдық кеңес құқық мәселелері бойынша консультанты, ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті» РМК сектор меңгерушісі. 2002-2003 жылдары - ҚР СІМ «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету басқармасы» ЖАҚ бастығы. 2003-2004 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның кеңесшісі. 2004-2006 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Еуразиялық мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» РМКК директорының орынбасары, директоры. 2006-2007 жылдары - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2007 жылы - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2007-2010  жылдары - ҚР Әділет вице-министрі. 2010-2015 жвлдары - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2015-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың қыркүйегінен бері. «Құрмет» орденімен марапатталған.


null 60 жыл
 бұрын (1958-2009) Америка әншісі, биші және әндер авторы Майкл ДЖЕКСОН дүниеге келді. Тарихтағы ең табысты орындаушылардың бірі, 15 мәрте Грэмми сыйлығын және жүздеген басқа да сыйлықтарға ие болған. 13 рет Гиннесстің рекордтар кітабына енген, әлемде альбомдарының миллиардқа тарта көшірмесі таратылған. 2009 жылы 25 маусымда қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар