+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

29 шілде. Туған күн иелері

2021 жылғы 29 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
29 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ермек Жианшыұлы ЖҰМАБАЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Павлодар облысында сегіз жылдық мектептің мұғалімі болып бастаған. Павлодар облысындағы Железин ауданының прокуроры болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған, 1999 жылғы желтоқсаннан 2005 жылғы желтоқсанға дейін - Заңдар және құқықтық реформа комитетінің төрағасы. 2005-2007 жылдары Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің, Заңдар жинағын жасау жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі. Парламентаралық Одақтың, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Парламентімен ынтымақтасу тобының мүшесі болды.

56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Бекназарұлы ДЕМБАЕВ дүниеге келген.

Еңбек жолы: Астана прокурорының орынбасары, Қостанай облыстық прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы (2012-2017). Астана қаласының прокуроры (2017-2019).

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.

45 жыл бұрын (1976) VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нәзилә Раззақбайқызы РАЗЗАҚ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «экономист» мамандығы бойынша, 2012 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1993-1996 жылдары – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің заңгер-кеңесшісі. 1996-1999 жылдары – Жамбыл облыстық сот алқасының кеңесшісі. 2000-2003 жылдары – Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. 2003-2007 жылдары – Атырау қаласы №2 сотының судьясы. 2007-2011 жылдары – Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы. 2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қолдау департаментінің бөлім меңгерушісі. 2014-2017 жылдары – Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы. 2017-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры. 2020-2021 жылдары –«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.

45 жыл бұрын (1976) Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесші-уәкілі Айдос ҚЫДЫРМА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. «Анкара» Университетінің заң факультетін аяқтаған.

Еңбек жолы: «Қазконтент» АҚ басшысы, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы – ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2008), «Құрмет» орденінің иегері (2013).

Қазіргі қызметінде – 2018 жылғы мамыр айынан бері.

43 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Руслан Қанатханұлы АЛИШЕВ дүниеге келген.

Петропавл экономика және құқық колледжін (1997), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2001), А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де түрлі лауазымдарда жұмыс істеген (2004-2009); Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасында бас маман, басқарма басшысының орынбасары және басқарма бастығы (2010-2013); Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (2013); Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және архивтер комитетінің Электронды БАҚ басқармасын басқарды (2013 - 2014); «Нұр Отанның» Саяси жұмыстар департаментінің директоры (2014-2016); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары (2016-2018). Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы (2018-2019). Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2019-2020) қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2020 жылғы мамыр айынан бері атқарып келеді.

42 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.Серік Жамбылұлы ШАПКЕНОВ дүниеге келді.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик. «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2005 жылдан).

Еңбек жолы: 2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы. 2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы. 2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы. 2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы. 2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары. 2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы. 2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі. Атырау облысы әкімінің орынбасары (2018-2020). Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2020-2021).

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бері.

40 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы (ҚХР) Бас консулы Рашид Кәрібайұлы ЕРИШЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын халықаралық құқық мамандығы (2002), Дипломатиялық академияны, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (2005) тәмамдаған.

Еңбек жолы: ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде атташе, үшінші хатшы (2005-2007), Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығында үшінші хатшы (04.2007-11.2007), Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігінде үшінші хатшы, екінші хатшы (2007-2011), ҚР СІМ Еуропа департаментінің екінші хатшысы (2011-2012), Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы (2012-2015), ҚР СІМ Сыртқысаяси талдау және болжам департаментінің кеңесшісі (2015-2017); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы (2017-2019).

Қазіргі қызметін 2019 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді.

32 жыл бұрын (1989) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Бауыржанұлы СМАТЛАЕВ дүниеге келді.

Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетін, Блумсберг университетін (АҚШ, Пенсильвания) тәмамдады.

Еңбек жолы: «Корал Групп» компаниясы бас директорының орынбасары, Мәскеу қаласы (2009-2011), «Сервис и технологии ИНВЕСТ» компаниясының бас директоры, Мәскеу қаласы(2011-2012); Еуразия экономикалық комиссиясында кеңесші, консультант (2012-2014), Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі (2014-2016), Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (2016-2018), Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2018-2020).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың сәуір айынан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT