29 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Автор:  
Айжан Серікжанқызы

29 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылады.

10.00-де «EXPO» көрме орталығында AGRITEK/FARMTEK ASTANA 18-ші халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі өтеді.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Спорттық медицина орталығының қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы спорттық медицина орталығының басшысы Азамат Ерқасымов.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Ана мен баланы қолдау және Отбасының цифрлық картасын енгізу туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Тоқтыбаев, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Дәмежан Садвокасова.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы-сатирик Көпен Әмірбектің «КӨПЕН КЕЛЕ ЖАТЫР!..» 5 томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтеді.

14.00-де Назарбаев университетінде ESD Global және Назарбаев Университетінің Гендерлік ғалымдар консорциумының «Гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу үшін мүмкіндіктерін кеңейту үшін Қазақстанда құру құралдары» жобасы аясында АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен «ESD – Қазақстандағы зорлық-зомбылыққа қарсы вакцина» форумы өтеді.

15.00-де Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті «Электр энергетикасы саласындағы кейбір мәселелер туралы» тақырыбы бойынша депутаттық сауалына жауапты талқылайды.

15.00-де «Астана Балет» театрының сахнасында Шара Жиенқұлова атындағы VI Республикалық қазақ биі конкурсы өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Хат» философиялық драмасы көрсетіледі.

19.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Жаздың соңы» трагикомедиясы сахналанады.

19.00-де Astana Opera театрында Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсы қойылады.





Серіктестер жаңалықтары