29 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 29 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де The St. Regis Astana қонақ үйінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне орайластырылған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференция өтеді.

10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің отырысы басталады.

10.00-де Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесіне орай жас журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренинг өткізеді.

11.00-де Astana Hub-та «Қазақстандағы мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылын нығайтуға арналған цифрлық трансформация» тақырыбында брифинг өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшудің ерекшеліктері» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Қазақстан Халық партиясы «Адвокаттар мен Заң консультанттарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері және олардың заң көмегін көрсету жүйесіндегі рөлі: болмысы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

19.00-де Жастар театрында «Күйеу бала» драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар