2022 жылғы 27 маусым 08:08

29 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1958) журналист, жазушы, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Қалиақпарұлы ОЛЖАЙ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде корректор, тілші, аға тілші, Орталық Қазақстан бойынша арнаулы тілші болып бастаған. Кейіннен «Социалистік Қазақстан» газетінде (қазіргі «Егемен Қазақстан») бөлісм басшысы, «Атамұра» газеті редакторының орынбасары, «Бірлік» газетінің бас редакторы, «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары (1993-1997); «Хабар-2» телеарнасында комментатор, жаңалықтар бөлімі дирекциясы басшысының орынбасары, «Хабар» агенттігі» АҚ бас продюсері болды. 2006 жылдан бері «Қазақстан» РТРК АҚ Бас продюсері, Басқарма Төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары, «Қазақстан» Ұлттық арнасының бас директоры қызметтерін атқарды.

«Мың бір мақал», «Деген екен», «Солай болған», «Тіл», «Сөзмерген», «Ілік септігі», «Келбет» т.б. бағдарламалардың, 15 сериялы тарихи-деректі «Бірінші» телефильмінің авторы. 1994 жылы «Президент пырағы», 2007 жылы «Қара нары қазақтың», 2008 жылы «Атамыз Аласанбай», 2010 жылы «Қанат байлаған қазақ» кітаптары жарыққа шықты.

45 жыл бұрын (1977) Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары Владимир Михайлович МАЛАХОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Көкшетау қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынеша, Атырау мұнай және газ университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2002-2005 жылдары – ҚР Бас прокуратурасы департаментінің прокуроры. 2005-2009 жылдары – Астана қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы. 2009-2012 жылдары – Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуроры. 2012-2013 жылдары – Республикалық гвардия департаменті бастығының орынбасары. 2013-2016 жылдары – Атырау қаласы прокурорының орынбасары. 2016-2017 жылдары – Атырау облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры. 2017-2020 жылдары – Ақмола облысы прокурорының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың ақпан айынан бастап. «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалімен марапатталған.

36 жыл бұрын (1986) қазақ опера әншісі (баритон), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Азамат Қайратұлы ЖЫЛТЫРГӨЗОВ дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған. Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген (2009 ж.), Опера әншісі, концерт орындаушысы.

Еңбек жолы: 2006 жылдан бастап Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының солисті; 2007 жылдан бастап К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының опера әншісі; Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокал өнері және хор дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі.

Опералық рөлдері (партиялар): Онегин (П.И. Чайковский, Евгений Онегин), Роберто (П.И. Чайковский, «Иоланта»), Геронт (Г. Верди, «Леви Traviata»). Ол Ресей, Беларусь, Қытай, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Швейцария, Австрия, АҚШ, Моңғолия елдерінің концерттерімен гастрольдік сапарларға шықты. «Шабыт» IX Халықаралық байқауының 1-орын иегері (Астана, 2006 ж.), «Жас таланттар» ХХІІІ Халықаралық байқауының 1 орын иегері (Сан-Бартоломео, 2008), VII Халықаралық орындаушылар байқауының 2-ші орын жүлдегері, Н. Сәбитов атындағы VI халықаралық вокалистер байқауының 4-ші орын жүлдегері (Уфа, 2008). ТМД-ға мүше мемлекеттердің IV халықаралық Дельфий ойындарының алтын медаль иегері (Астана, 2006), С. Монюшко атындағы VI Халықаралық вокалистер байқауының арнайы жүлдесін (Варшава, 2007 ж.) алған.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT