+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

29 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 29 маусым 07:00
Бөлісіңіз:
29 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 29 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық тропика күні

Бұл күнді тропикалық аумақтарда кездесетін қиындықтардың барлық деңгейлерінде және Бейбітшілік аймағына әсер ететін проблемалардың ұзаққа созылған салдарларымен танысу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған. Сонымен қатар, ол тропикалық елдердің тұрақты дамуы мақсаттары мен бағыттарына жетуінде маңызды рөлді айқындауға бағытталған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР


1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтығының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмастырылды.

1998 жылы Тараз мемлекеттік университетінде XVI ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, әдебиетші, философ, «Тарихи Рашидидің» авторы М.Х. Дулатиге мүсінтас қойылды.

2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны «Әзірет Сұлтан» деп атады.
Мешіттің сәулет жобасының бәйгесіне 26 жұмыс түскен. Соның ең үздігі болып «KAZGOR» жобалау академиясы таңдалған.

2010 жылы Маңғыстау облысындағы Баутино портында республикадағы жалғыз кеме жөндейтін зауыт іске қосылды.

2011 жылы Қазақстанда еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңге болатын естелік банкноттар шығарылды. Банкноттың алдыңғы жағында «Ислам Конференциясы» Ұйымының логотипі және Қазақстанның Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезі бейнеленген. Келесі жағында кесененің жалпы көрінісі орналастырылған.

2011 жылы «Қазақстан қалалары» сериясы бойынша алғаш болып 50 теңге номиналымен «Ақтөбе» естелік монетасы шығарылды. Оның диаметрі 23 мм және салмағы 4,71 грамм, ақ никельді күміс қорытпасынан жасалған. Тиражы - 50 000 дана.

Бұл серияның монеталары Қазақстан қалаларының атауымен алфавиттік тәртіп бойынша шығарылады.

2015 жылы Мәскеуде, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты Ресейдің Еркін экономикалық қоғамдастығының Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті. Елбасы ЕЭҚ-тың алғашқы шетелдік кавалері атанды.

2015 жылы Татарстан Республикасындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы С.Жақсыбаевтың өтінішхаты мен Қазанның муниципиалдық топонимика жөніндегі комиссиясының ұсынымдарына сүйене отырып, қала әкімдігі Вахитовский және Приволжский аудандарының аумағындағы Эсперанто көшесін Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өзгертті. Көшедегі мекенжайдың нөмірлері сол күйі сақталып қалды.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында домбыраға арналған ескерткіш қойылды. Ескерткіштің биіктігі - 7 метр, ұзындығы - 3 метр. Авторы жас мүсінші - Нұрбол Қалиев.

Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов салтанатты шарада сөз сөйлеп, ескерткіштің ұлттық мұраны жаңғыртып, төл өнеріміздің насихатталынуына бар күшін салатынын айтты.

2018 жылы Женевада (Швейцария) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық ұйымның (CERN) ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Қазақстанның CERN шеңберінде ғылыми ынтымақтастығы біздің еліміздің әлемдік қоғамдастықта оң имиджін ұстап тұру үшін үлкен маңызға ие, бұл елдің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытуға әсер ететінін атап өту керек.

Өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісім қолданыстағы келісімді нығайтып, ғалымдардың, инженерлердің, студенттер мен техникалық мамандардың Қазақстаннан CERN зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысуына мүмкіндік беретін базаны құру мақсатын көздеді.

2018 жылы Алматы қаласындағы тарих музейінде қазақ-түрік Ахыска орталығының көрмесі өтті. Онда Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары XVIII-XIX ғасырларға тиесілі 50-ден астам экспонаттарды тамашалай алды. Көрмеде түркі халықтарының тұрмыстық заттары, түрлі әшекей бұйымдары топтастырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT