+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

ҚР Президенттігіне кандидаттардың теледебаты 29 мамырда «Хабар» арнасында өтеді

2019 жылғы 24 мамыр 15:25
Бөлісіңіз:
 ҚР Президенттігіне кандидаттардың теледебаты 29 мамырда «Хабар» арнасында өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтеді.

Мұндай шешім көзделген қаулыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ОСК ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар өткізу туралы қаулыны қабылады. Қабылданған қаулымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстар өткізілетін күн анықталды. Ол 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Хабар» агенттігі АҚ-ның телевизиялық арнасы эфирінде көрсетіледі», - деді ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта ҚР Президентінің сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленген. Телепікірталас 3 раундқа бөлінген. Бірінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстардың бірінші раунды екі турды қамтиды. Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстыру мақсатында сөз сөйлейді.

«Екінші турда қатысушылардан өздерінің оппоненттеріне «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайыс сессиясы жорамалданады. Қатысушылар өздерінің оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, сондай-ақ екі сұраққа жауап бере алады. Екінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы». Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді. Екінші турда жүргізушілердің барлық қатысушыларға бір сұрақ қоюы жорамалданады. Үшінші раундтың тақырыбы - «Сайлаушыларға арнау». Үшінші, қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT