29 мамыр. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1961) - Біріккен ядролық зерттеулер институтына мүше мемлекеттер басшылары үкіметтерінің өкілетті өкілдері комитетіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі Ерғазы Асиұлы КЕНЖИН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Том политехникалық институтын «инженер-физик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары зерттеу орталықтарында, оның ішінде «ҚР ұлттық ядролық орталығы» Атом энергиясы институтында зертхананың аға ғылыми қызметкері қызметінен бастап бас директордың атом энергетикасы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2013-2015 жылдары «Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі» ғылыми-техникалық орталығында жұмыс істеді, 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болды.

Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2007), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Семей-Невада халықаралық антиядролық қозғалысына 20 жыл» (2009) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері», «Полигонның жабылғанына 20 жыл» (2011) төсбелгілерімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1976) Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Рашид Әмірұлы ӘМІРОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін «құқықтану» мамандығыбойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары – Алматы қаласы «Береке» ЖШС директорының орынбасары. 1999-2001 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі. 2001 жылдың сәуір-қараша айларында Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының аға көмекшісі болды. 2001-2002 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарманың қоғамдық қозғалыстар қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры. 2002-2003 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік және қоғамдық-саяси салаларында заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің прокуроры. 2003-2004 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдарың қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы, экономикалық салада, меншік және кәсіпкерлікті қорғау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры. 2004-2007 жылдары – Алматы қаласы Түркісіб ауданының прокурорының орынбасары. 2007-2010 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының орынбасары. 2010-2013 жылдары – Алматы облысы Балқаш ауданының прокуроры. 2013-2017 жылдары – Алматы облысы Талдықорған қаласының прокуроры. 2017-2019 жылдары – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры. 2019 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Алматы облысы прокурорының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

46 жыл бұрын (1976) «Қазақстан Алюминий» АҚ президенті Роман Сергеевич РОМАНОВ дүниеге келді.

Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1997-2001 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкінде экономист, банктік бақылау департаментінің №1 банкілік бақылауды преденциалдық реттеу басқармасының меңгерушісі, банктік бақылау департаменті лицензиялау мен банкілік аудитті бақылау секторының меңгерушісі, қызметі тек банкілік басқарудан ғана тұратын ұйымдарды бақылау бөлімінің басшысы, банктік бақылау департаментінің банкілік операциялардың жекелеген түрлерімен ғана айналысатын ұйымдарды бақылау бөлімнің жетекшісі және банктік бақылау департаментінің бас маман-экономисі және бас экономисі болып еңбек еткен. 2001-2004 жылдар аралығында халықаралық «ПрайсуотерхаусКуперс» компаниясының аудиторлық және бизнес консультациялар бөлімінің консультанты және аға консультанты. 2005 жылдан бері «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, экономика және қаржы, коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, аппарат басқармасының қаржы директоры, басқарма аппаратының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды. 2015-2018 жылдары «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті болды.

Қазіргі қызметінде 2018 жылғы наурыз айынан бері.

«Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар