+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

29 мамыр. Туған күн иелері

2020 жылғы 29 мамыр 08:10
Бөлісіңіз:
29 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
6 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі 5 шілде. Туған күн иелері 5 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1940-2003) альпинист, география ғылымдарының кандидаты, спорт шебері, КСРО Қарулы Күштері мен Кеңес Одағы біріншіліктерінің чемпионы, бірнеше дүркін жеңімпазы Виктор Иванович ПОПОВ дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Мәскеу облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Қазақстан Республикасы Альпинизм федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Альпинизм федерациясының атқарушы директоры, «Вестник гор» жинағының жауапты редакторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі География институтының жетекші ғылыми қызметкері, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) туризм кафедрасының доценті қызметтерін атқарған. Одақ кезінде «жетімыңдық» шыңдарын бағындырудағы экспедицияны басқарған. Африканың Килиманджаро жанартауы мен Тянь-Шань, Памир, Кавказ, Алтай, Камчатка, Альпі таулы аудандарындағы шыңдарға өрлеуге қатысқан. Одақта алғашқы рет қыста Мәрмәр қабырғасы шыңын бағындырған. Памирдегі Ленин - Раздельная шыңы, Хан-Тәңірі шыңы, Тянь-Шандағы Жеңіс шыңы, Альпі шыңындағы Кристатурм қабырғасына өрлеуге қатысқан.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

44 жыл бұрын (1976) «Қазақстан Алюминий» АҚ президенті Роман Сергеевич РОМАНОВ дүниеге келді.

Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1997-2001 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкінде экономист, банктік бақылау департаментінің №1 банкілік бақылауды преденциалдық реттеу басқармасының меңгерушісі, банктік бақылау департаменті лицензиялау мен банкілік аудитті бақылау секторының меңгерушісі, қызметі тек банкілік басқарудан ғана тұратын ұйымдарды бақылау бөлімінің басшысы, банктік бақылау департаментінің банкілік операциялардың жекелеген түрлерімен ғана айналысатын ұйымдарды бақылау бөлімнің жетекшісі және банктік бақылау департаментінің бас маман-экономисі және бас экономисі болып еңбек еткен. 2001-2004 жылдар аралығында халықаралық «ПрайсуотерхаусКуперс» компаниясының аудиторлық және бизнес консультациялар бөлімінің консультанты және аға консультанты.

2005 жылдан бері «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, экономика және қаржы, коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, аппарат басқармасының қаржы директоры, басқарма аппаратының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды. 2015-2018 жылдары «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті болды.

Қазіргі қызметінде 2018 жылғы наурыз айынан бері.

«Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT