29 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 08.45-те ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түркі академиясы Түркі әлемінің ортақ әліпбиіне қатысты сарапшылар отырысын ұйымдастырады.

Сағат 09.00-де Ұлттық биотехнология орталығында «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» атты халықаралық форум өтеді.

Сағат 11.00-де Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Тұңғыш Президент кітапханасы мен Президент Архивінің құжаттар мен кітаптарды «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де Сенатта «Қазақстанның инвестициялық ахуалы және инвестициялық

тартымдылығы» тақырыбына арналған Үкімет сағаты болады.

Сағат 19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған өнер кеші өтеді.


Соңғы жаңалықтар