29 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Hilton Astana қонақүйінде EURASIAN AGRICOM: Eurasian Agricommodities Trade&Logistics халықаралық астық конференциясы ашылады.

10.00-де Бас прокуратура ғимаратында прокурорлар бизнес-қауымдастықпен кездеседі. Шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Атамекен» ұлттық палатасы және бизнес өкілдері қатысады.

13.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Хаджиева Мария Жамалқызы; аталмыш агенттіктің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысулар департаменті басқармасының бастығы Әжібек Сағи Қалиұлы; агенттіктің Бағалы қағаздар нарығы департаменті басқармасының бастығы Жұмақанов Ержан Нұртілеуұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ашылады.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Қоғамдық кеңес мүшелері Астана қаласын энергиямен қамтамасыз ету объектілерін аралайды.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар