29 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Қазгидромет» РМК-да гидрометеорологиялық қызмет, мемлекеттік органдар, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріндегі ауа сапасының мониторингі бойынша өңірлік конференция өтеді.

10.00-де онлайн режимде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мемлекет қайраткері Нығматжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның көлік әлеуеті: бастаулары мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

10.00-де Zооm платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

11.00-де Астана халықаралық биржасында AIX Qazaq индексіне тіркелген жаңа биржалық ноталар іске қосылады. Бұл Kaspi.kz, Kazatomprom және Halyk Bank секілді қазақстандық ірі компанияларға, бір мезгілде инвестициялауға мүмкіндік беретін, Қазақстандағы бірінші бағалы қағаз.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы мен мемлекеттік қолдау шаралары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев; «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов; «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

13.45-те ЭКСПО кешенінде Башқұртстан Республикасының Конгресс-бюросы өкілдігінің салтанатты ашылуы өтеді.

14.20-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Париждегі Junior Eurovision байқауына қатысуы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, «Adam Media» компаниясының бас продюсері Аида Тілеухан, музыкалық продюсер Хамит Шаңғалиев, Junior Eurovision 2019 сайысының финалисі Ержан Максим, Junior Eurovision 2020 финалисі Қарақат Башанова.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

15.00-де ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарын қорытындылау және 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері талқыланады.

Қатаң талаптар мен қатысушылар санының шектеулі болуына байланысты БАҚ өкілдері үшін аталған шарадан онлайн трансляция ұйымдастырылады.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: қалыптасуы, дамуы және перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

15.30-да Қазақстан мен Ресей Президенттерінің қатысуымен «Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді.

16.00-де А.Янушкевич және А. Иманов көшелерінің қиылысында Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Polacy» ҚБ Польша Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ халқының тамыры – Адольф Янушкевич» муралы ашылады.


Соңғы жаңалықтар