29 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 29 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Кәукенқызы ШӘУКЕНОВА дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 1987 жылы Ленинградтың А.А. Жданов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор, Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының директоры, Қазақстан әлеуметтанушылары академиясының академигі.

1987-1997 жылдары – психолог, кадр тұрақтандыру бюросының басшысы, Қарағанды металлургия комбинатының әлеуметтік-психологиялық қызметінің жетекшісі (Теміртау қаласы). 1997-2007 жылдары – «ЦЕССИ-ҚАЗАҚСТАН» салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институтының директоры (Астана қаласы). 2007-2010 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің деканы; 2010-2011 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 2011-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры. 2014 – 2016 жылдары - әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры (қосымша жұмыс ретінде).

2017 жылғы ақпаннан бері қазіргі қызметінде.

46 жыл бұрын (1975) «Қазақстан спортын трансформациялау» жобалық кеңсе жетекшісі, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі Қамбар Тәтібайұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. Жамбыл университетінің Қазақ политехникалық институтының Қаратау филиалын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген; INTOSAI желісімен Еуропада оқыды, INTOSAI сарапшы нұсқаушысы.

Еңбек қызметі: Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы «Қаратаухимстрой» тресінің «Көкжон» ПМК материалдық есепшісі (1993-1995); Жамбыл облыстық статистика және талдау бөлімінің экономисі (1995-1998); Қазақ мемлекеттік басқару академиясында экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасының оқытушысы (1998-2000); мемлекеттік аудитор – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кеңесшісі, бас сарапшысы - бас мемлекеттік аудиторы (2002-2006); «Punjab National Bank» еншілес компаниясы» АҚ Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары (2006-2008); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің шоғырландырылған талдау бөлімі басшысының орынбасары (2008-2009); шоғырландырылған талдау бөлімінің бастығы, шығыстарды бақылау бөлімінің басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектілерін бақылау бөлімінің бастығы, құқық қорғау және қорғаныс кешені саласындағы бақылау бөлімінің басшысы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік бақылау бөлімінің басшычы (2009-2015); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кадрлар және әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы (2015-2016); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы (2016); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаржылық басқарудың мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы (2016-2017); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы (2017 ж.); «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі (2017-2018); «Корпорация Анталия Бронз Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті (2018-2019); CSI Group компаниясының серіктесі / бас директоры – CSI Group – Стратегиялық бастамалар орталығы (2019-2020). 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – CSI топтарының басқарушы серіктесі.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, II және III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» естелік медалімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1981) Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Төлегенұлы НҰРСАҒАТОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы екінші жоғарғы білімін Л.В.Гочаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінде алған.

2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған. 2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары; 2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.

2020 жылдың ақпан айынан Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі.

38 жыл бұрын (1983) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ шетелдік мемлекет теміржол компанияларымен өзара әрекеттестік департаментінің директоры Қанат Мағатұлы ШЕКҚАЛИЕВ дүниеге келген.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірді (2005 ж.). 2016 жылы Белосток қаласының (Польша Республикасында) Жоғары экономика мектебінде халықаралық экономика саласында магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолы: ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы (2005-2007); ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі (2007-2008); ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің бас сарапшысы (2008-2011); Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің Протокол секторының меңгерушісі (2011-2012); Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (2012-2013); ҚР Премьер-министрінің көмекшісі (2013-2014); ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі (2014); ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаментінің басшысы (2014-2016); ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас конультанты (2016-2017); ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің Жобалық басқару орталығының бас консультанты (2017-2018). Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы (Ресей Федерациясы) консулы (2018-2021).

Қазіргі лауазымын 2021 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.



Соңғы жаңалықтар