29 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады. Еліміздің орталығында және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың тек батысына ғана солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Барлық өңірде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман, солтүстікте көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды, түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с артып, өңірдің батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының оңүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауылмен бірге жел күшейеді. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында найзағай болады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Өңірдің солтсүтігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, орталығында 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.


Соңғы жаңалықтар